Павлодар облысының тұрғыны өз үйінде қару жасаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының тұрғыны өз үйінде қару жасаған деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел іс-шараларды өткізу кезінде полиция қызметкерлері Павлодар облысы тұрғынының қаруды заңсыз жасағанын анықтады.
Ер адамның айтуы бойынша, ол өз үйінде «ИЖ-18» 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын қолдан жасаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 288-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Павлодар облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Арыстан Дүйсембаев.
Осындай жағдайларға байланысты полицейлер облыс тұрғындарының қаруды заңсыз жасауға немесе сақтауға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын есіне салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
WhatsApp-та жаңа функция іске қосылды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы