Павлодар облысының Шақа ауылында жаңа медпункт ашылды

Павлодар облысының Шақа ауылында су жаңа медпункт ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

350 халқы бар ауыл тұрғындары бұрын дәрігерге қаралу үшін аудан орталығына қатынайтын. Енді жаңа ашылған нысан ауыл тұрғындарына қажетті медициналық көмек көрсететін болады. Медпунктте қажетті құрал-жабдықтың бәрі бар. Тұрғындарға 1 дәрігер мен 1 медбике бөлінген.

Осы медпункттің ішінде дәріхана пункті, медбике пункті және процедуралық кабинет, физиотерапиялық кабинет бар. 358 адам тұрады. Оның 257 ересек адамдар, балалар 80, бүгінгі күні 1 жүкті әйел бар. 19 мүгедек адамдарымыз бар. Диспансерлік есепте 60 тұрғын тұрады, - деді Аққулы аудандық аурухананың бас дәрігері Айдын Қобайдарова.

Биыл Аққулы ауданында «Ауылдық елдімекендердегі денсаулықты жаңғырту» бағдарламасы аясында 6 медициналық нысан бой көтерді. Шақадан бөлек, Жабағылы, Тілектес, Қазантай, Қазы, Тақыр ауылдарында да медициналық пункттер ашылып, ел игіліне берілді. Аймақта осы жылы 30 медпункт бой көтерді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Павлодар облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы