Павлодар облысының полицейлері бірнеше қылмыстың бетін ашты
Қаланың 33 жасар тұрғыны 61 жастағы зейнеткерді тонаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz сілтеме жасап.
Павлодар қаласында Ген.Дүйсенов көшесіндегі пәтерде тонау фактілері анықталған. Зиянкестің олжасынан "Iphone10" және "Samsung" маркалы екі ұялы телефон, "Toyota Avensis " автомашинасының кілті мен "Kaspi Bank " және "Нұр Банк" төлем карточкалары табылды. Банк карталарынан 1950000 теңге сомасында ақша шешіп алынған. Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, полицейлер зергерлік бұйымдарды ұрлаған күдіктіні де қолға түсірді.
Павлодар қаласының 30 жастағы тұрғыны өтініш берушінің пәтерінде құны 60 мың теңге болатын алтын сақинаны ұрлап, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, ұрлық фактісі бойынша ұсталған адамның облыс аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар жоғы анықталуда.