Павлодар облысының полицейлері алаяқтықты әшкереледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына Альберт Лиден алғыс хат келіп түсті, деп хабарлайды Polisia.kz

Ол орталық полиция бөлімінің тергеушісі Наталья Голубевке, сондай-ақ криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Айбек Жұмалыханға қылмысты жедел ашқаны үшін және олардың сауатты іс-әрекеттерінің арқасында материалдық залал толық өтелгеніне алғыс білдірген.

Жедел жұмыс барысында полиция қызметкерлері ақпараттық жүйенің көмегімен алдау жолымен бұрыннан таныс адамның жәбірленушіге материалдық залал келтіріп, Павлодар ұйымдарының бірінде шағын несие ресімдегенін анықтады.

Жүгінген адам күдіктіні 10 жылдан астам уақыт бойы білетінін айтты. Оған деген қарым-қатынас толығымен сенімді болды. Бірақ достыққа қарамастан, күдікті алаяқтық әрекеттер жасады. Алынған ақшаны ол өз қажеттіліктеріне жұмсады. Тергеу нәтижесінде қаскүнем анықталды, ал ақша толық көлемде иесіне қайтарылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы