Павлодар облысының балалар үйлерінде 11 зорлық-зомбылық дерегі тіркелді

Павлодар облысында балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында 11 зорлық-зомбылық дерегі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Өңірде сала мамандары балаларды қолдау және балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан қыз балаларды міндетті медициналық тексеруден өткізуді ұсынып отыр. Қазіргі уақытта зәбір көрген жеткіншек бойынша 11 дерек анықталды.

Бұл туралы облыс бойынша балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева хабарлады. Омбудсменнің мәліметінше, медициналық тексерістен балалар үйлерінің 10-16 жас арылығындағы 105 тәрбиеленушісі өткен.

Олардың сегіз дерегі сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер анықталып, ұсталды. Үш деректің қылмыстық құқықбұзушылық құрамы анықталуда. Сонымен қатар, сексуалды сипаттағы екі факті белгілі болды. Заңға қайшы әрекеттердің барлығы бірнеше жыл бұрын жасалған, - дейді Сәуле Шәкенева.

Еске сала кетсек, бұған дейін Баянауыл ауданының Майқайың кентінде екі жасөпірімді зорлау дерегіне қатысты екі дерек тіркелді. Жауапты басқарма өкілдерінің хабарлауынша, медициналық тексеруден соң оқушының жүкті болғаны анықталды. Зерттеу барысында сол отбасындағы 2008 жылғы жеткіншек те зорлыққа ұшырағаны белгілі болды.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста балаларға зорлық-зомбылық көрсету бойынша 30 құқықбұзушылық тіркелген. Олардың 16-сын мемлекеттік орган өкілдері, педагогтер мен психологтар анықтаған. Жағдайлардың жартысына жуығы 2017-2021 жылдар аралығында орын алған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы