Павлодар облысының әкімі қарындасының қамауға алынуына қатысты пікір білдірді
Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов Екібастұзда полицейлер масаң күйде Hyundai Tucson көлігін айдағаны үшін тоқтатқан туған қарындасының ұсталуына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Соттың мәліметінше, әйел мас күйінде автокөлік салонында болған және көлікті өзі басқармағанын айтқан. Алайда іс материалдары мен дәлелдер оның мас күйде көлік басқарғанын анықтауға жеткілікті болды.
Нәтижесінде сот оған 15 тәулік әкімшілік қамау мен 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасын тағайындады.
Асаин Байханов отбасы мүшелеріне ешқандай ерекшелік жасалмайтынын атап өтті:
Заң мен тәртіпті қоғамның негізгі қағидаларының бірі ретінде таңдаған елімізде барлық азамат заң алдында тең. Менің қарындасым да, басқа туыстарым да бұл тұрғыда ешқандай артықшыққа ие емес, — деп жазды ол Threads әлеуметтік желісінде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҚТЖ компаниясы 1,42 млрд теңге айыппұл төлейтін болды
Өзгелердің жаңалығы