Павлодар облысының әкімі Металлургтер күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әбілқайыр Сқақов металлургтер қажырлы еңбегі арқылы  өңірдің дамуына, жалпы ел экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосып келетінін атап өтті.

Бұл туралы  Pavlodarnews.kz хабарлады.

Қымбатты жерлестер! Құрметті металлургтер, тау-кен, металлургия кешенінің ардагерлері! Сіздерді Металлургтер күнімен құттықтаймын! Табыстар мен еңбектеріңізде жаңа рекордтарға жетулеріңізге шын жүректен тілектеспін. Сіздерге жəне жақындарыңызға зор денсаулық, ашық аспан тілеймін! – деп жазды облыс әкімі Іnstagram парақшасында.

Сондай–ақ ол металлургияның дамуына басқа да көптеген салалар байланысты екені сөзсіз екенін атап өтті. Сол себепті бұл сала мамандарының еңбек нəтижелері үлкен сұранысқа ие жəне  сапасы шетелде де белгілі.

 Ал сіздердің кəсібилігіңіз салалар арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, олардың дамуына жағдай жасайды. Отандық металлургияның осы жəне басқа да жетістіктерінің негізін қалаған, жұмыс сапасының жоғары стандарттарын қалыптастырған сала ардагерлеріне бас иеміз, – деді өңір басшысы.

Олар бүгінде жаңа технологиялар мен 4.0 индустриясын енгізіп жатқан жаңа буын металлургтерін тəрбиелеп шығарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы