Павлодар облысының оқушылары 1 күнге интернеттен бас тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірдің білім беру мекемелерінде 2020 жылдың 26 қаңтарына дейін Халықаралық интернетсіз күн тақырыбында оқушылар және ата-аналармен бірге сынып сағаттары мен сұхбаттар өткізілді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
26 қаңтарда республикалық ауқымды "Мен OFFLINE" балалар акциясы ұйымдастырылады. Педагогтар мен ата-аналарға, оқушыларға осы бастамаға қолдау көрсетіп, 26 қаңтар күнін интернетсіз өткізу ұсынылды, - дейді облыстық білім беру басқармасы.
Акцияның мақсаты - балаларды компьютерлер мен жаһандық желілерді бір күнге қолданбауын қамтамасыз ету, бұл күнде туыстармен жақынырақ араласу, балалардың шығармашылық, спорттық, музыкалық қабілеттерін дамыту. 1-4 сынып оқушылары арасында "Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім?" атты суреттер байқауы, 5-11 сынып оқушылары арасында "Мен OFFLINE" тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Облыста барлығы 356 мектепте 100000-нан астам оқушы білім алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елорда әкімдігі коронавирустан сақтану шараларын күшейтіп жатыр
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы