Павлодар облысының әкімі ірі фермерлік жобалардың жұмыс барысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жұмыс сапарымен Тереңкөл ауылында және Железин ауданында болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы суарумен айналысатын жергілікті фермерлермен кездесіп, мемлекет экономикалық тұрғыдан тиімді жобаларға қолдау көрсететінін айтты.
Облыс әкімі өзінің жұмыс сапарын Песчан жөндеу зауытынан бастады. Онда жылу қазандықтары мен ауылшаруашылық техникаларына арналған қосалқы бөлшектер шығарылады. Өкінішке қарай, бүгінде бұл кәсіпорынның жүктемесі тек 45%-ды ғана құрайды.
Біз орта өнеркәсіптік кәсіпорындарды жүктеуге барынша көмек беруіміз керек. Бүгінде кәсіпорындардың белгілі бір бөлігінің үштен бірі жүктелген. Бұл олардың не шығынсыз жұмыс істейтінін, не ең төменгі кіріспен жұмыс істейтінін білдіреді. Сонымен қатар олардың өнімі сұранысқа ие, бірақ олар басқа қазақстандық кәсіпорындардан немесе көрші елдерден сатып алынады. Біздің міндетіміз – қазақстандық қамту үлесін арттыру және импортқа барынша аз тәуелді болу. Бұл жыл жергілікті тауар өндірушілерді барынша қолдау жылы болуы керек, - деді Әбілқайыр Сқақов жөндеу зауытының ұжымымен кездесу барысында.Сондай-ақ өңір басшысы "Ет-Бастау" ЖШС-нің цехында болды. Бүгінде мұнда мал сою жүзеге асырылуда және олар тауарлық ет өндірісі мен экспортын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар кәсіпорында әсіресе қыста және көктемнің басында шикізат жеткізу жағынан мәселе туындайды. Осы себепті компания басшылығы жем-шөп жинау үшін жеке бордақылау алаңы мен суаруды іске қоспақшы.
Тереңкөл ауданында облыс әкімі "Береговое-Агро" ауыл шаруашылығы тұтыну кооперативінің мүшелерімен кездесті. Сегіз шаруа қожалығының өкілдері бірігіп, 2530 гектар жерді суаруға арналған суару жүйесін салу үшін жобалық-сметалық құжаттамаға тапсырыс берді. Қазірдің өзінде ауданда құны 1,1 млрд теңгеден асатын осы жобаны іске асыруға кірісіп кетті. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасына енгізілген нысанды төрт айдан соң тапсыру жоспарлануда. Әбілқайыр Сқақов мұндай ірі бюджеттік инвестициялар фермерлерге үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтты. Олар өз кезегінде көкөністер мен жемшөп дақылдарының өнімділігі мен шығымдылығын арттырулары қажет.
Біз стратегия әзірлейтін боламыз, оған сәйкес суару жүйелеріне қосылған шаруа қожалықтары жоғары дайындық деңгейін көрсетулері қажет. Олардың суаруды дамыту бойынша нақты жоспарлары болуы тиіс. Су өткізіліп, ол пайдаланылмай қалмауы керек. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша бөлінген ақшаның қайтарылатынын ескере отырып, 5-6 жылдан кейін осы жұмыстың алғашқы оң нәтижелерін көргім келеді - сүт-тауар фермалары салынып, көкөніс өндіру көлемі артып, жем-шөп базасы нығая түссе. Осымен бүкіл жобаның тиімділігі дәлелденетін болады, - деп мәлімдеді өңір басшысы.
2020 жылы Тереңкөл ауданында барлығы 5 мыңға жуық гектарды суаруды енгізіп, суармалы жерлердің көлемін 7,4 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр. «Береговое-Агро» ӘКК - нен басқа, «Пахарь» шаруа қожалығы 2,1 мың гектардан астам жер суаруды және «Шаров» шаруа қожалығы 280 гектар жер суаруды жоспарлап отыр.
Железин ауданында биылғы жылы 2 мың гектар алқапта суару жүйесін іске қосу жоспарланып отыр. Мұнда картоп, көкөніс, жем-шөп және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары өсірілмек. Ауданның ірі ауыл шаруашылық құрылымдарының бірі – "Пахарь" шаруа қожалығы суармалы алқаптарды 3 мың гектарға ұлғайтқысы келеді. Бұл туралы компания өкілдері кәсіпорынның жапан далада салынған атақты агроқалашығында болып қайтқан Павлодар облысының әкіміне айтты. Әбілқайыр Сқақов шаруашылық қызметкерлерінің жұмыс жағдайларын көрсетіп, даму жоспарларымен бөлісті.
Бүгінде біз 9,2 мың гектар жерді тұрақты суарамыз, - деді шаруа қожалығының басқарушысы Олег Литвиненко. - Сүрлемге және дәнге арналған жүгері өсіреміз, жоңышқа өндірумен кәсіби айналысамыз. Біздің шаруашылық жоңышқа шөбінің әлеуетті өнім берушісі ретінде Қытай нарығына шығуға ресми рұқсат пен келісім алды.
Бірнеше жылда құрылған жемшөп базасы сүт-тауар фермасы іске қосылғаннан кейінгі алғашқы жылдары 1,2 мың басқа сүт өндіруді едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Бүгінде кәсіпорын күн сайын 25 тоннаға жуық сүт тапсырады. 2020 жылы "Пахарь" шаруа қожалығында бір сауын сиырдан 8 мың литрден астам сүт өндіруді жоспарлауда.
Өңір басшысы Железин ауданының басқа да ауылшаруашылық кәсіпорындарының – "Агро Капитал" ЖШС және "КАБ" шаруа қожалықтарының алқаптарында болды. Фермерлер агроөнеркәсіптік кешен өкілдерін қолдауға арналған барлық мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға тырысатындықтарын айтып, сүт және сиыр етін дамыту перспективалары туралы айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2021 жылы Халықаралық хоккей федерациясының құрылтайы өтеді
Өзгелердің жаңалығы