Павлодар облысының басшылығы коронавирус құрбандарын еске алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңір әкімшілігі бүкіл Қазақстан бойынша жарияланған бір минуттық үнсіздікке қатысты.
Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
13 шілдеде дәл түскі уақытта Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, оның орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары және "Nur Otan" партиясының өкілдері облыстық әкімшілік алдындағы алаңға шықты. Олар бүкіл елмен бірге індет құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілдедегі қазақстандықтарға жасаған телеүндеуінде 13 шілдені коронавирус індетінің құрбаны болғандарды еске алуға байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Елімізде тулар төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары тоқтатылды, радиостанциялар мен телеарналар ойын-сауық бағдарламалары мен жарнамалар таратуды тоқтатты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қоғамдық бақылау тобының аймақтық үйлестірушілері анықталды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы