Павлодар облысындағы табиғи өрт сөндірілді

ТЖМ баспасөз қызметі Павлодар облысындағы табиғи өрт сөндірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар облысындағы табиғи өрт сөндірілді. Өрттің ауданы анықталуда, - деп хабарлады ТЖМ.

Бұған дейін Қарағанды облысындағы табиғи өрт оқшауланған еді. Қазір өрттің ауданы анықталуда.

Еске салсақ, кеше екі өңірде өрт шыққан болатын. Кеше ТЖМ таратқан деректерге сәйкес Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы өрттің жалпы ауданы 45 мың га жеткен еді. Өртті сөндіруге Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары жұмылдырылып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы