Павлодар облысындағы азық-түлік бағасы елімізде ең арзан
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі дүкендерде сатылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік елімізде арзан. Арзан деген өнімдердің қатарында бес түрлі азық-түлік бар. Бұл туралы Облыстық кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасының өкілдері хабарлады.
Павлодар облысында әлеуметтік маңызы бар тамақ түрлерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында тиісті шаралар қолға алынған. Аймақтағы тұрақтандыру қорында күріш, ұн, нан, тұз және тағы басқа азық-түлік түрлері сақтаулы. Ал күз-көктем мезгілдерінде картоп пен сәбіз әкелініп, әлеуметтік дүкендерде босатылады. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік нысандарына займ беру арқылы тауар саудалау жүйесін енгіздік. Бірнеше дүкен желісі халыққа ең қажет деген тамақ өнімдерін әлеуметтік бағамен саудалайды. Мәселен, өңірдегі «Қызылжар құс» фабрикасы 80 млн теңгенің займын алып, келісі 890 теңге тұратын құс етін сатуда. Облыс бойынша әлеуметтік маңызы бар 13 түрлі өнім бар. Олардың қатарындағы бес азық-түлік түрінің бағасы елімізде ең арзан саналады. Атап айтқанда, ұн, қарақұмық жармасы, сиыр еті, сүт және күнбағыс майы бар, - дейді жауапты басқарма мамандары.
Мамандардың мәліметінше, ұнның келісі - 148 теңге, қарақұмық жармасының келісі - 360 теңге, сиыр етінің келісі 1886 теңге, ал күнбағыс майының бір литрі 672 теңге тұрады. Осылайша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің 19 түрінен тұратын жиынтық бағасы 10 302 теңгені құрады.
Азық-түліктің қамбаттап кетпеуі үшін тұрақтандыру қорының жұмысы ұйымдастырылды. Жыл басынан бері негізгі тамақ өнімдерінің 2 мың тоннадан астамы әлеуметтік дүкендер желісі арқылы саудаланды. Облыс аумағында 176 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Барлығы - тұрақтандыру қорының серіктестері. Әлеуметтік маңызы бар тауар өнімдері блйынша ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушылармен моморандумдарға қол қойылды. Мәселен, сүт өнімдерінің бағасын тұрақты ұстау үшін сегіз кәсіпорынмен келісімге келдік. Сонымен қатар ішкі нарықты арзан көкөністермен қамту үшін 16 ірі шаруа қожалықтарымен меморандум жасалды, - дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары.Соңғы уақытта өңірде картоп пен сәбіздің бағасы шарықтап кеткені белгілі. Қазіргі уақытта баға төмендеді.
Өйткені, ішкі нарыққа биылғы жылдың көкөністері босатыла бастады. Қазіргі уақытта картоптың келісі 150 теңгеден, ал сәбіздің келісі 270 теңгеден сатылып жатыр. Халықты азық-түлікпен қамту мақсатында жыл басынан бері 12 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілген. Базардағы өнім бағасы нарықтағыдан 10-15%-ға арзан.
Айта кетейік, бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында 6387 тонна өнім сақтаулы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Абылай ханның қара жолы» экспедициясы жалғасады
Өзгелердің жаңалығы