Павлодар облысында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен оқушы жүкті болып қалған
Павлодар облысында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен оқушы қыз жүкті болып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
21 қараша күні Павлодар облысында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмаған оқушының жүктілігі туралы ақпарат белгілі болды. Қыздың дене бітімі мен мінез-құлқындағы өзгерістерді бірінші болып мектеп мұғалімдері байқады. Кәмелетке толмаған баланың анасы хабардар етілген, - деп мәлімдеді комитет.
Бүгінгі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті - өгей әкесі қамауға алынды.
Зардап шегуші үйде қашықтан оқуда, оған педагог-психолог пен мектеп тарапынан көмек көрсетіледі.
Білім беру ұйымының қызметкерлеріне заңсыз қолданылған тәртіптік жазалар алынып тасталды.
Комитет аталған мәселені бақылауда ұстап отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы