Павлодар облысында жыл басынан бері 80 көлік жанып кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Автокөлікті өрттен сақта» акциясын өткізді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Жыл басынан бері облыс бойынша 80 автокөліктің жану оқиғасы тіркелді. Оның 13-і Павлодар қаласында орын алды. ТЖ бөлімі қызметкерлерімен автокөліктердің жаппай кептелісі орындарында алдын алу шаралары жүргізілуде. Жүргізушілермен автокөліктегі өрт қауіпсіздік ережелері туралы нұсқаулық жүргізіліп, жадынама таратылады, - дейді облыстық ТЖД-де.Акция барысында ТЖ басқармасының қызметкерлері 132 жүргізушіге жадынама таратып, автокөлікті өртенуден сақтау және газбаллонды жабдығы бар автокөлікті пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Еске сала кетейік, осы аптада Алюминий зауыты ауданында ашық аумақта 2007 жылы шығарылған «Сю Гонг» автокранынан өрт шыққан.
Көліктің мотор бөлігінде резеңке-техникалық бұйымдары мен 2 шаршы метр алаңда кабина салонының қаптамасы жанған.
Сондай-ақ ашық аумақта аулада тұрған Hyundai accent автокөлігі толығымен жанып кетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы