11 Мамыр 2023 2023, 15:44 Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында жүргізуші жолда ұйықтап кетіп, жол апатына түсті

Павлодар облысында жүргізуші жолда ұйықтап кетіп, патурльдік автокөлікке соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар облысында жүргізуші жолда ұйықтап кетіп, патурльдік автокөлікке соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

11 мамыр күні Омбы-Майқапшағай автожолының 559 шақырымында Аққулы ауданы Шарбақты ауылының маңында такси жүргізушісі Skoda Superb автокөлігінде қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, Skoda Rapid патрульдік автокөлігімен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан Skoda Superb автокөлігінің жолаушылары: Өскемен қаласының 26 жастағы тұрғыны, Абай облысының 21 жастағы тұрғыны және 2013 жылы туған кәмелетке толмаған астаналық медициналық көмекке жүгінді.

Автопатрульдің 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалғаны анықталды. Шағын жарқырауықтар мен фаралар қосылған. Жүргізушінің айтуынша, көлікті басқарған кезде ол рөлде ұйықтап кеткен. Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін Skoda Superb жүргізушісі ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ Павлодар облысының ПД қызметтік автокөлік бойынша материалдық залалды өтеу үшін сотқа жүгінуге ниетті.