Павлодар облысында жолаушылар тасымалын субсидиялауға 7,4 млрд теңге бөлінді

Павлодар облысында автобус және трамвай бағыттарын субсидиялауға 7,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатты алу үшін тасымалдаушылар бекітілген талаптарды орындауы тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль долдары басқармасының басшысы Қанат Қашкировтың мәліметінше, жыл басынан бері облыс және ауданішілік жолдарда қосымша қосымша төрт жаңа мартшрут ашылды. Ал жыл соңына дейін тағы 12 автобус бағытын ашу жоспарланған. Осылайша, ауыл халқын көлік тасымалдаумен қамту көрсеткіші 94%-ға жетеді.

Биыл жергілікті бюджет есебінен облыстағы 171 автобус маршрутының 126-сын субсидиялауға 6 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Сонымен қатар, облыс орталығындағы трамвай бағыттары субсидияланады. Өткен жылы облыстық мәслихат депутаттарының өтінішімен әлеуметтік маңызы бар төрт бағыт іске қосылды. Ал әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын азаматтарға жеңілдік жасау мақсатында 857 млн теңге бөлу қарастырылған. Ал оқушыларды тегін тасымалдауға 772 млн теңге бөлінген, - дейді Қанат Қашкиров.

Облысты жолаушылар көлігінің тозу көрсеткішін азайту мақсатында жоспарлы жұмыс атқарылуда. Мамандардың айтуынша, облыста 400-ден астам тасымалдаушы көлік болса, олардың жүзге жуығы жеті жыл бойы пайдаланылып келеді.

Соңы екі жылда тозу көрсеткіші екі есе азайды. Қазіргі уақытта көліктердің тозу деңгейі 23%-ға төмендеді. Осылайша, халықтың қауіпсіз және жайлы тасымалы қамтылды. Сонымен қатар, облыс орталығында автобустардың жүру жиілігі 18 минуттан 10 минутқа азайды, - дейді Қанат Қашкиров.

Айта кетейік, облыста жолаушылар тасымалдайтын 183 бағыт жұмыс істейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы