Павлодар облысында жол жөндеуге 24 млрд теңге бөлінді

Биыл Павлодар облысының жолдарын жөндеуге рекордтық деңгейде, яғни 27 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Бұл қаржыға 100-ден астам жоба жүзеге асырылады. Кешенді жоспар шеңберінде облыстық және аудандық маңызға ие жолдардың 600-ге жуық шақырымына асфальт төселеді. 

Осы күнге дейін 40 жол учаскесінде жұмыстар аяқталып, қолданысқа берілді. Қалған жұмыстар кестеге сай жүріп жатыр. Құрылыс материалдары мен техника жеткілікті. Қазір облыста 23 асфальт-бетон зауыты бар. 

136 нысандағы жөндеу жұмыстарымен 23 мердігер ұйым айналысып жатыр. Жұмыстың бәрі бекітілген кестеге сай жүріп жатыр. Биыл ауылдардың кіреберіс жолдарын қалыпқа келтіруге басымдық бердік. Соңғы 3 жылда осындай 42 нысан жөнделді, - деді облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қанат Қашкиров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы