Павлодар облысында жол учаскесі бұзылды

"ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі "Атамекен-Ертіс-Русская поляна" автожолындағы қозғалысты шектеу туралы шұғыл ақпаратты таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 3 сәуірде сағат 06:00 шамасында Павлодар облысы Ертіс ауданы Ұзынсу ауылына су тасқыны қаупі төнуі салдарынан жергілікті атқарушы органның шешімімен республикалық маңызы бар "Атамекен-Ертіс-Русская поляна" автожолының 207 шақырымында еріген қар суын өткізіп жіберу үшін жол учаскесін бұзу жұмыстары атқарылды. 

Панфилов ауылынан РФ шекарасына дейінгі 194-263 шақырым аралығында көлік құралының барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы бақылау орнатылды. Аталмыш учаскеде 9 бірлік техника жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы