Павлодар облысында жол ережесін бұзған 83 мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылды
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелері мен белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырды. Ведомство жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрбір жол қозғалысына қатысушының ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі қозғалыс жылдамдығын дұрыс таңдамаудан болады. Осыған байланысты тәртіп сақшылары облыс жолдарында күн сайын жылдамдық режимін бұзған жүргізушілерді анықтап, жауапкершілікке тартып келеді.
Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бакибай Ахмадьяновтың айтуынша, жол ережесін сақтамаған жүргізуші жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін. Мәселен, жаяу жүргіншіні қағып кетуі немесе басқа көлікпен соқтығысуы ықтимал.
Павлодар қаласында "Toyota" жүргізушісі сары бағдаршамға өтіп, жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылған. Сондай-ақ М. Жүсіп көшесінде "KIA" көлігінің жүргізушісі де жол қозғалысы талаптарын бұзған.
Екі жүргізуші де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды.