Павлодар облысында жол бойындағы қызметтердің  сапасы жақсарады

Ертіс өңірінде жол бойындағы кешендер мен қызмет көрсету орындары стандартқа сәйкестендіріледі, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Сала мамандарының айтуынша, қазіргі уақытта жол бойындағы 50 кешенде жылы дәретхана жоқ. Бұл жол жүретіндерге ыңғайсыз.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Ержан Кисиковтың айтуынша, республикалық маңыздағы жолдардың бойында 136 жол кешені болса, олардың 85-сі ұлттық стандарттарға сай емес. 

«Ныснадардың жұмысын реттеу бойынша тиісті жұмыстар қолға алынған. Жұмыс салалық министрлікпен бірге атқырылып жатыр. Жуырда бұл мәселе бойынша кеңес өтті. Мамандар стандарттарға сай келмейтін нысандарды тексеріп, кәсіпкерлерді ынталандыруға тырысады. Ақылы жолдардың бойындағы жылы дәретханалардың барлығы жұмыс істеп тұр. Нақтырақ айтқанда, «Астана-Павлодар» республикалық жолдардың бойындағы Төртқұдық және Байет ауылдарының маңында орналасқан. Ал Аққулы ауданындағы жаңа кешен әлі күнге дейін іске қосылған жоқ. Біз инвестор іздеп жатырмыз», - дейді Ержан Кисиков.

 Жылы дәретханаларға қызмет көрсетуге мемлекет тарапынан субсидиялау қарастырылған. Айта кетейік, министрлік стандарт негізінде жол бойындағы сервистік кешен үш санатқа бөлінеді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы