23 Қыркүйек 2025 2025, 17:47
Фото: видеодан скриншот
Павлодар облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
Павлодар облысында жол апаты болып, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Павлодар облысында жол апаты болып, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Алдын ала деректер бойынша, 23 қыркүйек күні "Павлодар–Қызылорда" автожолының Байет ауылынан 5 шақырым жерде "Toyota Lucida" автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, қашықтықты сақтамай, "Sitrak" жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota автокөлігі өртенді, - деп хабарлады Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.