Павлодар облысында жеті мектеп формасының үлгісі санитарлық талаптарға сай емес
Ертіс өңірінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі мектеп формаларына мониторинг жүргізді. Нәтижесінде 10 киім үлгісінің жетеуі санитарлық талаптарға сай болмай шықты, деп хабарлайды Павлодардағы BAQ.KZ тілшісі.
Мониторинг аймақтағы дүкендер мен базарларда жүргізілген.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті техникалық регламентті бақылау бөлімінің басшысы Айдар Әлменовтің айтуынша, өнімдердің сапасын бақылау мониторингі сауда нүктелеріне адам денсаулығына зиянды өнімдерді тасымалдауды алдын алуға, нарықта тек қауіпсіз киім-кешектердің болуын қамтамасыз етуге бағытталған.
«Мониторинг ай сайын жүргізіледі. Мамандар жасөспірімдерге арналған киімді, нақтырақ айтқанда, мектеп формасының қауіпсіздігін тексерді. Он сынама алынды. Жеті өнім талапқа сай емес болды. Бес сынама ылғал тартқыштық бойынша, екі киім түрі таңбалауға сәйкес болмай шықты. Сынамаларды барлығы облыстық сараптама орталығына жіберілді. Кейін зертханалық тексерулер жүргізілді. Заңбұзушылықтарға жол берген кәсіпкерлік субъектілеріне ескерту жасалды», - дейді Алмаз Әлменов.
Сала мамандары бұған дейін киім-кешектің техникалық регламенттерге сәйкестік тақырыбында семинарлар өткізген.
«Балалар киімдерігің ылғал тартқыштық көрсеткіші 7% болуы шарт. Ал біз тексерген үлгілерде 1,3-3%-ды көрсетті. Бұл бірінші кезекте балалардың денсаулығына зиянды. Яғни, киім не ылғал, не ауа өткізбейді», - дейді маман.