Павлодар облысында жер телімін беру қызметі цифрландырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының әкімі аймақтың жер қатынасы саласын барынша цифрландыруды және жер алқаптарын беру үрдісін ашық етуді тапсырды. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Облыстық әкімдіктегі кезекті аппараттық жиын барысында  жер ресурстарын қолдану тиімділігіне қатысты сұрақтар қарастырылды.  Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының жерге орналастыру қызметі әлі күнге дейін қағаз бойынша жүргізілетініне назар аударды. Бұдан басқа, жер аукциондарын өткізу тәртібін қайта қарауды тапсырды. Аталған сауда-саттық туралы ақпарат 15 күн бұрын қала және аудан әкімдіктерінде және жергілікті баспасөз басылымдарында жарияланады. 
Сауда-саттықтың осындай түріне ықтимал сатып-алушылар қатыспайды, себебі тиісті хабарландыру жоқ. Соның нәтижесінде, аукционға он қатысушының орына тек екеуі ғана шығады. Неліктен жер аумағын сату бойынша сауда-саттық кестесін бір жыл бұрын жарияламасқа? Бұл ақпаратты неге жасырасыздар? Халық қандай жер учаскілері сатылатынын білсін. Сонда олар бар құжаттарды дайындап үлгереді, қаржыландыру мәселелерін шеше алады. Егер бәсекелестік болса, жер ресурстары да біршама көтеріледі. Алдағы болатын сауда-саттық бір ай бұрын барлық БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялануы тиіс. Бұл үрдістің ашық өтуі маңызды, - деді облыс әкімі. 
Цифрландырудан бөлек, әкім жер саласында заманауи технологияларды, оның ішінде ғарыштан сурет түсіруді қолдануға көңіл бөлді. Бұл құралдар жер ресурстарының тиімділігін арттырып, жер қолданушыларымен пайда болатын жүйелік кемшіліктерден аулақ болуға көмектеседі.  

Сонымен қатар, Әбілқайыр Сқақов ауылдық жерлердегі жұмысын тоқтатқан әлеуметтік нысандарды таратуға тыйым салды. Кейбір  жағдайда жеке кәсіпкер кеңес жылдары салынған, бос тұрған мектеп және мәдениет үйін аз ақшаға сатып ала алады. 
Бұл 200-300 мың теңге бюджеттің кіріс бөлігіне еш пайда әкелмейді. Бұндай әрекеттеріңізбен сіздер тек жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырасыздар. Оның орнына бұл нысандарды қалпына келтіріп, жаңа жұмыс орындарын ашатын инвесторларды іздеңіздер, - деді Әбілқайыр Сқақов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы