Павлодар облысында жеңіл автокөлік өртенді

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Екібастұз қаласында жеңіл автокөліктің жануы орын алды. ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 15 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ, – делінген ТЖМ хабарламасында.

ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады. Автомобиль көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы