Павлодар облысында жарты жылда 215 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында жарты жылда 215 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Биылғы жылдың алты айында Павлодар облысының аумағында 215 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 37 адам қаза тауып, 312 адам жарақат алды.
Талдау көрсеткендей, орын алған апаттардың негізгі себебі – жол қозғалысы ережелерін сақтамау. Жүргізушілер көлік жүргізу кезінде ұйықтап қалған фактілер де бар. 2022 жылдың ағымдағы кезеңінде Павлодар облысының аумағында ЖКО-ның 8 фактісі тіркеліп, 11 адам қаза тапты. Мұның бір себебі – мас күйінде көлік құралдарын басқару. Жыл басынан бері мас жүргізушілердің қатысуымен 3 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам қаза тапты, – деп хабарлады Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қуаныш Мұстафинов.
Мысалы, 23 сәуір сағат 00.50 шамасында Lada-21703 автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде Байет ауылының жанындағы Қызылорда-Павлодар автожолымен жүріп өтіп, маневр жасау кезінде басып озып, рульді басқара алмай, металл дуалмен соқтығысып, қозғалыс траекториясын өзгерте отырып, бір бағытта қозғалып бара жатқан Audi автокөлігімен соқтығысқан.
Тіркелген апаттардың ішінде төрт ЖКО жүргізушілердің қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығу себебінен болған. Осы апаттардың салдарынан 5 адам қаза тапты.
Сонымен қатар, жылдамдық режимінің асып кетуіне байланысты авариялар орын алатын көптеген фактілер бар. Осы жылдың ағымдағы кезеңінде 7 ЖКО орын алып, 9 адам қаза тапты.
Жолда қараусыз жүрген мал да жол апатына себеп болуы мүмкін, полиция қызметкерлері тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді, оның барысында бақылаусыз жайылып жүрген малдар айыппұл тұрағына қамалады, ал иелері анықталып, жауапкершілікке тартылады. Бүгінгі күні облыс жолдарында малдың қатысуымен бір ЖКО тіркеліп, бір адам қаза тапты.
Ауыр апаттар қауіпті маневрлерге байланысты да орын алады. Кез келген маневрді орындауда, жүргізушіге оның қауіпсіз екеніне көз жеткізу – өте маңызды. Олай болмаған жағдайда, автомобиль апаттарының орын алу мүмкіндігі туындайды. Павлодар облысының жолдарында осындай бір жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бір адам қаза тапты.
Мәселен, Екібастұз қаласында 14 маусым сағат 23.05 шамасында Volkswagen Рassat автокөлігінің жүргізушісі М. Жүсіп-Екібастұздың 50 жылдығы көшелерінің қиылысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жол берместен Toyota автокөлігімен соқтығысып, соқтығысудан өз қозғалысының траекториясын өзгертіп, Екібастұз қаласының М. Жүсіп көшесінің бойында орналасқан саябақ аймағына шығып кетіп, М.Жүсіп көшесі бойындағы тротуарда жаяу жүргіншіні қағып кетті. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.