Павлодар облысында жануарлардың аса қауіпті жеті ауруы бойынша диагностикалық зерттеу жоспары бекітілді

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында үй жануарларының аса қауіпті жеті ауру бойынша диагностикалық зерттеулер жүргізу жоспары бекітілді.

Ірі және ұсақ қара мал, түйе, шошқаларда кездесетін бруцеллез, қойларда кездесетін эпидимит, ірі қара мал лейкозы, пастереллез, эмкар, Сібір жарасы және құтырма дерттері бойынша диагностикалық зерттеулер жүргізіледі. 

Зерттеулер осы жылдың наурыз-қараша айлары аралығында жүргізілмек. 

Облыстық ветеренария басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Әбдірахмановтың хабарлауынша, соңғы үш жылда өңірде бруцеллез, құтырма, эмфизематкалық карбункул және құс тұмауы жиі тіркелген.

Осыған байланысты ветеринариялы-алдын алу жоспарына өзгертулер енгізілді. Мәселен, өткен жылдан бері үй құстарына екпе салына бастады. Ал үй жануарларына құтырмаға қарсы вакциналау жұмыстары күшейтілді. Үш жыл бұрын 22 мың ірі қара мал басына екпе салынса, өткен жылы бұл көлем 200 мыңға жетті. Биыл бұл деңгей сақталады. Сонымен қатар осы жылы ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бастамасымен ет қоректі жабайы жануарларды да құтырмаға қарсы иммундау шаралары қолға алынды. Бүгінгі күні 14 түрлі ветеринариялық-алдын алу шаралары жоспарланған. Нақтырақ айтқанда, 11 түрлі мал ауруына қарсы екпе салынады. Жылқылар барлығы ринопневмонияға қарсы екпе егіледі, - дейді Бақытжан Әбдірахманов. 

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, былтыр бруцеллезге қарсы 600 мыңнан астам ірі қара мал тексерілді. Нәтижесінде 2600-дан астам ауру жануар анықталды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы