Павлодар облысында жан түршігерлік жол апаты болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір-біріне соғылған екі көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп жазды Pavlodarnews.kz.
Жергілікті полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол көлік оқиғасы 21 қараша күні сағат 23.30-да Павлодар-Омск тас жолының 31-ші шақырымында орын алған.
Павлодар облысының Сычевка ауылының маңында ВАЗ-2107 мен Lada Vesta көлігі бетпе-бет соқтығысқан. Жарақат салдарынан - ВАЗ 2107 көлігінің 53 жастағы және Lada Vestа көлігінің 40 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
ВАЗ-2107 көлігінің бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының жабылуы өтті
Өзгелердің жаңалығы