Павлодар облысында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы IІ тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 403,1 мың адамды құрады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Өңірлік статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Павлодар облысындағы жұмыспен қамтылған халық саны 383,6 мың адамды құрады.
Оның ішінде 324,4 мың адам (жұмыспен қамтылғандар жалпы санынан 84,6%) – жалдамалы қызметкер, 22,3 мың адам (5,8%) – дара кәсіпкер, 36,4 мың адам (9,5%) тәуелсіз жұмыскер, 0,3 мың адам (0,1%) – жеке практикамен айналысатын адам, - деп жазылған хабарламада. 
2020 жылдың IІ тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы