Павлодар облысында зейнеткер көлге батып кете жаздады
Ер адамды құтқарушылар дер кезінде судан шығарып, жағаға жеткізді.
Павлодар облысында көлге батып бара жатқан 67 жастағы ер адам құтқарылды, деп хабарлайды өңірлік ТЖД.
Оқиға Жасыбай көлінде болған. Суға шомылып жүрген 67 жастағы ер адам бата бастаған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында зейнеткердің өмірін аман алып қалу мүмкін болды.
Оқиға қарсаңында көл жағасында демалып жүрген тұрғындар суда жүрген ер адамның көмекке мұқтаж екенін байқап, бірден 112 нөміріне хабарласқан.
Құтқарушылар оқиға орнына қайықпен жедел жетіп, зардап шеккен адамды жағаға алып шықты.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 1959 жылы туған ер адамды жүзу құралының көмегімен судан алып шықты. Жағада оған дереу реанимациялық көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, – делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға және өз күшіңізді асыра бағаламауға шақырады.
Сондай-ақ құтқарушылар тек арнайы жабдықталған және шомылуға рұқсат етілген орындарда ғана суға түсу қажет екенін еске салды.