Павлодар облысында заңсыз ағаш ұрлаған ер адам құрықталды
Павлодар облысында заңсыз ағаш ұрлаған ер адам құрықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аққулы ауданында заңсыз ағаш тасымалдаған ер адам анықталды. Полиция қызметкерлері Аққулы ауданы Шарбақты ауылының маңында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Тереңкөл ауданының 48 жастағы тұрғынының басқаруымен КамАЗ автокөлігін ұстады.
Тексеру кезінде жүргізушінің қарағай ағашын тасымалдағаны анықталды, бұл ретте ағаш көлемі ілеспе құжаттарға сәйкес келмеді, – деді Павлодар облысы Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Запастағы офицерлерді әскерге шақыру қалай жүргізіледі?
Өзгелердің жаңалығы