Павлодар облысында "Учаске" іс-шарасы өтіп жатыр

14 тамыз бен 31 қыркүйекке дейін Павлодар ауданының аумағында “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы кезеңде тәртіп сақшылары қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ азаматтармен тығыз және сенімді қарым-қатынас орнату жөніндегі жұмысты күшейтті. 

Іс-шара барысында учаскелік инспекторлар бекітілген әкімшілік учаскелерінде тұрғындармен құқық бұзушылықтардың, интернет-алаяқтықтың және мал ұрлығы фактілерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді және буклеттер бере отырып, пәтерлер мен аулаларды аралайды. 

Сонымен қатар жалдамалы пәтерлер мен жұмыс істемейтін отбасылар тексеріліп жатыр.

Бүгінгі таңда 6 мыңнан астам мекенжайға, 28 жалдамалы пәтерге барып, заңсыз жалға берілген 6 пәтерді анықтап, олар бойынша мемлекеттік кірістер бөліміне ақпарат жолданды. Мал шаруашылығы пункттерін тексеру кезінде полицейлер жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ екі азаматты анықтады. Бұл азаматтар сот шешімі бойынша жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Полиция бөлімінде тіркелмеген 2 қару анықталып, тәркіленді. Оларға баллистикалық зерттеулер тағайындалды, зерттеу нәтижелері бойынша процестік шешімдер қабылданады, – деді Павлодар ауданы жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайрат Сатыбаев. 

Полиция облыс тұрғындары мен қонақтарын полиция қызметкерлеріне барынша көмек көрсетуге шақырады және профилактикалық іс-шараны өткізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы