Павлодар облысында ТЖД қызметкерлері демалушылардың суға бату себептерін анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТЖ бөлімінің қызметкерлері құтқарушылардың және жергілікті полиция қызметінің қатысуымен Ертіс өзені бойында жабдықталмаған орындар бойынша Ақсу қаласынан Айнакөл және Сарышығанақ елді мекендеріне дейін екі рейдтік іс-шара өткізді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, шомылуға рұқсат етілмеген жерлер бойынша және Сәтбаев атындағы каналдың бойы тексерілген.

«Нәтижесінде полиция қызметкерлері 4 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тұрғындар тыйым салынған белгілерге қарамастан, қауіпті жерлерде шомылуды жалғастырады», - дейді департаментте.

Жағажайда ересектердің бақылауысыз қалған балалар да болды. Рейд барысында демалушыларға бұл жерде шомылуға болмайтыны ескертіліп, су айдындарындағы ережелер айтылды және жадынамалар берілді. Мұндай шаралар Железин, Май, Павлодар, Успен және Тереңкөл аудандарында жүргізілді.

Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, көбінесе алкоголь ішімдіктерін ішу және жағажайда балалардың ата-анасының қарауынсыз қалуы қайғылы жағдайға әкеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы