Павлодар облысында тұрғын 800 келі саз балшықты заңсыз қазып алған
Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға, табиғи ресурстарды өз бетінше өндіруге жол бермеуге және жер қойнауы мен жер учаскелерін пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізбес бұрын қажетті рұқсаттардың бар-жоғын алдын ала анықтауға шақырады.
Полиция қызметкерлері саз балшық тиелген УАЗ автокөлігін тоқтатты. Көлік құралынан шамамен 800 келі саз балшық анықталды. Тексеру барысында жергілікті тұрғынның Ақшиман ауылдық округі аумағынан саз балшықты жеке қажеттілігі үшін өз бетінше қазып алып, автокөлікке тиегені белгілі болды. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тиісті материалдарды жинақтап, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жолдады.
Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға, табиғи ресурстарды өз бетінше өндіруге жол бермеуге және жер қойнауы мен жер учаскелерін пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізбес бұрын қажетті рұқсаттардың бар-жоғын алдын ала анықтауға шақырады.
"Заң мен тәртіп" қағидаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған ішкі істер органдары қызметінің негізгі ұстанымдарының бірі болып қала береді. Заң талаптарын бұзған тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.