Павлодар облысында тіркелген 12 науқастың 10-ы Екбастұздан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жаңа 12 жағдай тіркелді. Бұл туралы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

COVID-19 Екібастұз қаласының 10 тұрғынында тіркелген, оның ішінде 1998 жылы туған әйел адам және 1969, 1970, 1972, 1973, 1980, 1983, 1991, 1996 жылдары дүниеге келген 8 ер адам мен кәмілет жасқа толмаған 2008 жылы туған қыз бала бар. Сондай-ақ коронавирус инфекциясы Павлодар қаласының екі тұрғынында тіркелген, ол 1980 жылы туған ер адам, 1966 жылы туған әйел адам. 12 жағдайдын ішінде 11 науқас  короновирус инфекциясын жұқтырған адаммен ықтимал қарым-қатынаста, 1 адам жақын қарым-қатынаста болған - делінген хабарламада.

Барлық  жағдай бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып жатыр, оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.

Бүгінгі күні, сағат 10.30-дағы жағдай бойынша Павлодар облысында  коронавирус инфекциясымен ауырған 88 факті тіркелген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда жер сілкінді
Өзгелердің жаңалығы