7 Тамыз 2021 2021, 12:52
Павлодарда такси тоқтатпақ болған әйелді көлік қағып кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол-көлік оқиғасы Омбы - Майқапшағай автожолының 561 шақырымында болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол-көлік оқиғасы Омбы - Майқапшағай автожолының 561 шақырымында болды.
Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.
Шарбақты ауылының жанында «Nissan X-Trail» автокөлігінің 68 жастағы жүргізушісі 31 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Әйел адам жолдың жүру бөлігіне шығып, таксиді тоқтатқысы келген, - деді облыстық полиция департаментінде.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қамалды.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 278 ЖКО тіркелген, салдарынан 20 адам қаза тауып, 410 адам жарақат алған.