Павлодар облысында төрт күн қатарынан жастар лагері жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жиынға жергілікті жастар мен облыстың табысты кәсіпкерлері жиналады. Бұл туралы «KAZBRANDS» ҚҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Шараны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік грант шеңберінде КЕАҚ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «KAZBRANDS» ұйымдастырады.

Қатысушылар қазіргі заманғы қағидалар мен нарықтық жағдайда жастармен жұмыс жасау үшін тәлімгерлік тұжырымдамасын талқылайды.

«Жобаның мақсаты – жастарға өмірлік өз жолдарын табуға, кәсібилігін арттыруға, тұлғалық дамуы мен өзін-өз тануларына менторинг әдісі (тәлімгер) арқылы қолдау көрсету, ментор қызметін атқара алатын ғалымдар, кәсіпкерлер, сарапшылар, жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары, кәсіпорын жетекшілері, мемлекеттік қызметкелермен өзара әрекет ету және тәжірибе алмасу әдісі арқылы қоғамдағы тәлімгерлікті дамыту болып табылады», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, жоба жастарды табысқа жетелеуге, ынталандыруға, кәсіпқойлауға, құқықтық кеңес беруге және тәлімгерлердің көмегімен жеке басының өсуіне ықпал етеді.

Жастар лагері алаңына тәжірибелі сертификатталған қазақстандық тәлімгерлер қатысатын болады. Олар: Айдар АБРАЕВ - сертификатталған бизнес-коуч, ALMAU бизнес мектебінің оқытушысы, халықаралық деңгейдегі тәлімгер; Данияр АЙТЫШЕВ - «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары; Ануар ШАРИПОВ - белсенді, блогер, Е.Бекмаханов атындағы Республикалық сыйлықтың иегері, Лидия ТАЙЖАНОВА-ЩЕРБИНИНА психоактивті заттарға тәуелділік саласындағы сарапшыларға іс жүргізуді үйретеді. Ашылу салтанатында Парламент Мәжілісінің депутаты Арман Қожахметов, қоғам қайраткері, «KAZBRANDS» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Нұрлан Жазылбеков және «KAZBRANDS» ҚҚ жетекшісі Жанна Кайкенова сөз сөйлейді.

Нұр-Сұлтанда өткен 4 аймақтық топтың тәлімгерлері жастарға өмірлік траекторияны қалыптастыру, тәлімгерлік құралдары арқылы өзін-өзі дамыту және өзін-өзі анықтауға көмектесу үшін Қазақстандағы тәлімгерлер мектебін құруды ұсынған болатын. Павлодар жастары қоғамда тәлімгерлік институттың дамуын қолдайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы