Павлодар облысында төрт бала ыстан уланып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында пештің мұржасын жауып тастау салдарынан үйдегі балаларға иіс тиіп қалған.
Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Сағат 09.41-де Шарбақты ауданының Алексеевка ауылында қатты отынмен жылытылатын пешті қолдану ережесін бұзу салдарынан улану фактісі тіркелді. Нәтижесінде 2007, 2013, 2009 жылғы және 2004 жылғы туған балалар ауруханаға жүгінген. Олардың барлығы жеңіл дәрежеде уланып қалған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді, - дейді департаментте.Сондай-ақ 16 ақпан күні Павлодар ауданының Новоямышево ауылында № 3 өрт сөндіру бөлімінен 45 шақырым қашықтықта Абай көшесінде өрт тіркелді. Екі пәтерлік адам тұрмайтын 6 бөлмелі кірпіш үйдің ағаш төбесі мен есік, терезелері жанған.
100 шаршы метр аумаққа залал келтірілді. Оқыс жайттың орын алуына тұрғындардың отты абайсыз қолдануы себеп болған.
Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 2 адам мен бір техника, Новоямышево ауылынан үш адам жұмылдырылып, екі сағаттың ішінде толығымен сөндірілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің үш облысында дабылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы