Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 100 мың теңгеден бөлінді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде су басқан Рождественка ауылының тұрғындарына 100 мың теңге берілетін болды.
Бірнеше апта бұрын қарғын судан зардап шеккен ауылдықтарға 8 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.
Қаржылық көмек 86 адамға көрсетілді. Отбасының әр мүшесіне 100 мың теңге шақталған. Мәселен, жанұяда төрт адам болса, арнайы банк карточкасына 400 мың теңге аударылады. Жалпы, қардың күрт еруі салдарынан Рождественка ауылында 24 шаруашылық нысаны қирап қалды. Бір тұрғын үйге су кіріп, көпбалалы отбасы көшіп кетуге мәжбүр болды, - дейді Қызыл Жарты ай волонтерлік ұйымы облыстық филиалының директоры Гүлнар Исаканова.
Облыс басшылығының шешімімен үйін су басқан жанұяға жаңа баспана берілді. Қазіргі уақытта тиісті құжаттар ресімделіп жатыр.
Еске салсақ, наурыз айының соңында Павлодар ауданының Рождественка ауылына су кірді. Осы тектес жағдай соңғы рет бес жыл бұрын тіркелгендіктен, елді мекен су басуы ықтимал ауылдар тізімінен алынып тасталған.
Айта кетейік, облыс аумағында су тасқынынан зардап шегуі ықтимал 35 ауыл бар. Олардың 17-сі қар суының еруінен оқыс жағдайға тап болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Рождественка ауылында жағдай тұтақталды. Ауыл азаматтары қалыпты тіршіліктеріне оралды.