Павлодар облысында су тасқынына қарсы шаралар жалғасып жатыр

Павлодар облысында су тасқынына байланысты қарсы белсенді іс-шаралар жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстың су тасқынына қарсы жағдайлар бойынша бірыңғай шешім қабылдау және үйлестіру мақсатында ТЖ департаментінің дағдарыс залында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды, аталған штабтар облыстың барлық қалалары мен аудандарында ұйымдастырылды.

Жедел штабтың құрамына азаматтық қорғау қызметтерінің (жолдар мен көпірлер қызметі, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі, өртке қарсы қызметі, ақпарат қызметі, инженерлік қызметі) өкілдері енді.

29 наурыздың сағат 06:00-дегі жағдай бойынша облыс бойынша автокөлік жолдарының 14 учаскесі бақылауда (5 республикалық, 1 облыстық және 8 аудандық маңызы бар. Сондай-ақ елді мекендердегі су тасқынына қарсы 6 учаске бақылауда (Ақсу қ.-1, Павлодар қ.-1, Ақтоғай–2, Май - 1, Аққулы-1) Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 48 адам, 52 техника, 12 мотопомпалар, 2 жүзу құралдары жұмылдырылды. Бұл ТЖД, ЖАО, жол қызметі және полиция департаментінің күштері мен құралдары, - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте облыс бойынша 25 мың м3 астам еріген су сорылды, 1 800 м3 қар шығарылды, 1413 қап инертті материал төселді және 828 тонна инертті материал төгілді.

Сонымен қатар облыс бойынша ЖАО-дан 109 желісі бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға 75 ассенизаторлық көлік, 111 мотопомпа, 290 адам тартылды.

Әкімдіктер мен ТЖД аула аумақтарын, тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлердің жертөлелерін су басу фактілерін анықтау үшін аулаларды аралау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мониторинг тәулік бойы, оның ішінде дрондардың көмегімен де жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы