Павлодар облысында сотталған ауыл тұрғыны жатақханада жасырынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұрлық үшін істі болған ер адам 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Ақтоғай ауданының пробация қызметінде есепте тұрған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Пробация қызметкерлері аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар орталығымен бірге ауыл тұрғынын тіркеген сәттен бастап ақылы жұмысқа орналастырған. Ол зейнеткер анасымен бірге тұрған. Алайда ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап пробация қызметіне тіркелуге келмей, ұялы телефоны өшірулі болған.
Тұрғылықты жерін тексеру кезінде ол үйінде болмады, анасы оның қайда екенін білмейтінін айтқан. Жұмыс орнында тұрақты түрде жалақы алатынына қарамастан, келмей қойған. Жұмыс берушінің айтуынша, еңбек тәртібін бұзбаған. Бастапқыда пробация қызметкерлері іздестіру шараларын бастады, аудан мен қаланың барлық медициналық және мемлекеттік мекемелеріне сұрау жіберді, бірақ жауаптарға сәйкес, ол емделмеген. Сонымен қатар, жақын туыстары, көршілері, сондай-ақ бұрынғы әріптестері сұрастырылды, – деді пробация қызметінің аға инспекторы Ризабек Алин.Пробация қызметкерлері қашқынды таба алмаған соң сотталғанды іздеуде деп жариялау және бұлтартпау шарасын белгілеу үшін материалды Ақтоғай аудандық сотына жіберген. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап облыстық криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері пробациялық инспекторлармен бірге іздестіруге кіріскен. Нәтижесінде сотталған ауыл тұрғыны 4 ай бойы облыс орталығының жатақханаларында жасырынғаны анықталды.
Тамыз айында қашқын Павлодар қаласының жатақханаларының бірінен табылып, тергеу изоляторына орналастырылды.
Жауап алу кезінде пробациялық бақылаудан жасырынғаны үшін жауапкершілікті білетініне қарамастан, осы уақыт ішінде алкогольді асыра пайдаланғанын және таныстарымен бірге әртүрлі жатақханаларда тұрғанын, туыстарының ешқайсысымен байланыс орнатпағанын түсіндірді. Ал бұл -жазаны өтеуден қасақана жалтару, – дейді Ризабек Алин.
Айта кетерлігі, қашып жүрген уақыт есепке алынбайды, сотталған адамның одан әрі тағдырын сот шешеді. Егер пробация қызметінің жазаны өзгерту туралы өтініші қанағаттандырылса, ер адам колонияда бір жылдан астам уақыт өткізеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Петропавлда екі бойжеткен аялдаманы қиратқан
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы