Павлодар облысында соғыс ардагерлеріне 2 млн теңгеден берілді

Облыста 12 ардагер бар, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың бірі биыл 95-ке, екеуі 100 жасқа толады. Сонымен қатар өңірде төрт мыңнан астам тыл ардагері бар. Олардың әрқайсысына 30 мың теңгеден бір реттік төлем қарастырылған.

Мұндай әлеуметтік қолдауға Чернобыль апатын жоюға қатысқан азаматтар, ауған соғысының ардагерлері мен тәжік-ауған мемлекеттік шекараларында борышын өтеген тұрғындар да ие болды.

Бір реттік ақы облыс бойынша алты мыңнан аса азаматқа төленеді. Төлемақы көлемі 30 мыңнан 2 млн-ға дейін әрбір қала мен ауданның бюджеттерінде көзделген. Бүгінде төлемақылар толықтай төленіп жатыр. Айдың аяғына дейін барлық төлемдер жеке есепшоттарға түседі, - деп хабарлайды Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы