Павлодар облысында сиырлар жаппай қырылғаны анықталды
Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Айдар Увалиев облыстың солтүстігіндегі Железин ауданындағы "Асан" шаруа қожалығында 37 бас сиыр өлгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл шаруашылықта қой мен жылқы да бар.
Мамандардың айтуынша, малдың барлығына вакцина егілген, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деректер базасына енгізілген. Алдын ала бағалау бойынша, жануарлар уланған.
Шөптен уланған деп күдіктеніп отырмыз. Жақын жерде картоп өсірілетін суармалы алқапта Колорадо қоңызына қарсы дәрі-дәрмек себіліп жатыр. Шөптен бөлек, жайылымдардан су сынамалары мен патологиялық материал алынды, - деді ведомство басшысы Pavlodarnews.kz-ке.
Нақты диагнозды облыстық ветеринарлық зертхана белгілейтіні атап өтілді. Өлген жануарларға екі инсинераторда утилизация жасалды.
Бұған дейін сәуір айында Қазақстанның екі облысында 650 киік өлексесі табылғаны хабарланған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үш күнде 24 адам жол апатынан қаза тапқан
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы