Павлодар облысында қимақ-қыпшақ қорғандары зерттеліп жатыр
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің археологтары облыс орталығының маңындағы қимақ-қыпшақ қорғандарын зерттеу үстінде. Мамыр айынан бері бірнеше нысанда қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Марғұлан орталығы археологиялық-зерттеу зертханасының меңгерушісі Елена Тушеваның айтуынша, қазіргі уақытта қорған ішіндегі орталық конструкцияның беті аршылды.
Осы тектес ратихи нысандар бүтін күйде өте сирек сақталады. Десе де, бұның өзі көшпенділер сәулеті мен құрылысы туралы мол мағлұмат береді. Өңірде қимақ-қыпшақ тайпаларының қалашықтарын іздеп жатқанымыз рас. Бірақ әзірге некропльдер шоғыры табылды. Бұл көшпенділердің шағын шаһары болуы да мүмкін. Сондықтан биік-биік ғимараттар мен қабырғалар жоқ. Осы қорғандарды тұрғызған адамдар кімдер? Бізді осы сұрақ мазалайды. Нысандар 5-10 жыл ішінде бой көтерген жоқ. Молалар тобы екі жарым шақырымға созылып кеткен, ішінде қорғандар бар. Зиялы қауым жерлерген орындар да бар. Олардың сәулеттік нысан деп атауға болады, - дейді Елена Тушева.
Ғалымдар сәулеттік нысан деп атап өткен молалар белгілі бір құрылыс дәстүрі бойынша тұрғызылды. Сол замандағы ұрыларға тарихи мағлұматтар емес, сол зираттарға көмілген заттар құндырақ болған. Сол себепті қорғандардың басым бөлігі тоналып кеткен.
Ұрылар алтын-күміс іздеп, қорғандарды қиратып кеткен. Сәйкесінше, контрукциясы бүлініп кеткен. Бірақ, ғалымдар үшін бұның өзі ең бағалы жәдігер. Қорғандар қала және дала мәдениетінің байланысын айғақтайды. Қорымдардың ішінен жібек маталарының қиындылары, қыш ыдыстардың қалдықтары мен сүйектер табылды. Осы жердің биохимиялық ортасы органикалық заттарды жақсы сақтайды. Топырақтың ерекшелігі содан. Сондықтан, табылған артефактілерден көптеген мәлімет аламы», - дейді археолог.
Облыс аумағында қимақ-қыпшақ кезеңінің қорымдары алғаш рет елуінші жылдары табылған. Соңғы уақытта тыңғылықты зерттеліп жатыр. Тарихи ескерткіштер 9-10 ғасырларда пайда болған деген болжам бар.
Айта кетейік, Байдала ауылының жанынан табылған нысандардың алғашқы қабаты аршылды. Енді топырақтың екінші қабаты, яғни сазды бөлігі қазылады. Әзірге жер бетінде күйдірілген кірпіштердің қалдықтары көрініп тұр. Мамандардың айтуынша, ендігі кезеңде аса маңызды тарихи деректер жинақталу ммүкін.
Өткен жылы Кенжекөл және Байдала елді мекендерінің аумағынан да бір кезеңге жататын қорымдар шоғыры анықталған. Жәдігерлермен қатар, жерленген адам сүйектері де анықталып, зертханаларда зерттеліп жатыр. Жібек мата қалдықтарының табылуы сол кезеңдегі бай-бағландардың болғанын растай түседі, – дейді археологтар.