12 Наурыз 2026, 22:53 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Павлодар облысында қар құрсауында қалған 26 адам құтқарылды

ТЖМ тұрғындарды боран мен қалың қар кезінде алыс жолға шықпауға шақырды.

ТЖМ қызметкерлері Павлодар облысында қар құрсауында қалған 26 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Павлодар ауданының Маралды ауылы маңында болған. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты жолда төрт автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Көліктерде барлығы 26 адам болған.

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық көлік қар құрсауынан шығарылды. Жолаушылар Павлодар қаласына қарай жолдарын қауіпсіз жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ тұрғындарды қолайсыз ауа райы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға және боран мен қалың қар кезінде алыс жолға шықпауға шақырды.