Павлодар облысында ПТР зерттеулерге 90 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде ПТР зерттеулерге 88,6 млн теңге жұмсалған. Қаражат әлеуметтік сақтандыру қоры тарапынан бөлінді.

Облыс бойынша бас-аяғы 6,5 мың зерттеу жүргізілді. Сала мамандарының мәліметінше, әлеуметтік сақтандыру қоры соңғы төрт ай ішінде коронавирустық инфекцияға диагностика жүргізу мақсатында стационарлар базасында 3,1 мың және дәрігерлердің жолдамалары негізінде 3,4 мың тест жүргізілді.

Қор директоры Нұрлан Қасымовтың айтуынша, тестілеу қарапайым халыққа қолжетімді болу үшін үш зертханамен келісімге келген.

Павлодар облысында алғашқы медициналық көмек көрсету мекемелері жананын 93 мобильді бригада құрылған. Мамандар полимеразды тізбекті реакция әдісі арқылы науқастардан биологиялық материалдардың үлгілерін алуда. Бұл медициналық қызметтің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыра түспек. Тестілеу инфекциялық стационаларда және провизорлық госпитальдерде емделіп жатқан азаматтар, сонымен қатар, учаскелік дәрігердің жолдамасын алған тұрғындар арасында тегін жүргізіледі, - дейді Нұрлан Қасымов.
Айта кетейік, облыста эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Екібатсұз қаласында жаңа инфекциялық корпус пен оттегі станциясының жұмысы ұйымдастырылмақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы