Павлодар облысында полиция қызметкері студенттерді суға батудан құтқарып қалды

Аққулы ауданы ішкі саясат бөлімінің маманы Аманжол Еренұлының айтуынша, Ғалымбек Жұмабаев отбасымен бірге жағажайға демалуға барған.

«Сол кезде І, ІІ курс студенттерінің жағада серуендеп жүргенін көзі шалып қалған. Тәртіп сақшысы енді бір қараған сәтте олардың суға батып бара жатқанын көріп қалып, дереу әрекет етуге кіріскен», - дейді Аманжол Еренұлы.

Полиция қызметкері алдымен алысқа кетіп қалған қыз баланы жағаға шығарып алып, соңынан дереу үшеуіне көмек көрсетуге асыққан. Жастарға медициналық қызмет көрсеткен. Студенттер естерін жинағаннан кейін мұндай серуеннің қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріп, үйлеріне жіберген. Ғалымбек Жұмабаев ішкі істер органында 10 жылдан астам жұмыс істейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы