Павлодар облысында осы аптада 23 өрт тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында осы аптада 23 өрт тіркелген. Өңірде шыққан өрт кезінде 26 адам эвакуацияланған. Бұл туралы облыстық ТЖ департаменті басшысының м.а. Самат Асайынов мәлім етті.
Дүйсенбіден бастап өңірімізде бірнеше резонанс тудырған өрт болды. Апта басынан бері өрт сөндірушілер 94 шақыруға шықты. 23 өрт, 61 жану жағдайы тіркелді. 26 адам оның ішінде 7 бала эвакуацияланып, 3 адам құтқарылды. Апта басында көпір маңындағы қоймада өрт шықты. Алдымен іші жанып, өрт оқшауланып, 200 шаршы метр аумақты құрады. Алайда, шатыры болтпен бекітілгендіктен оны алу мүмкін болмады. Сол кездегі желдің де әсер етуімен өрт 800 метр аумаққа жайылды, - деп хабарлады Самат Асайынов.
Сонымен қатар, 23 маусым күні Рождественка ауылындағы тұрғын үйде 20 шаршы метр аумақта өрт шыққан. Тілсіз жаудың кесірінен 1941 жылғы адам көз жұмған.
Сондай-ақ кеше "Мелиоратор" саяжайында өрт тіркелді. Тұрғындар өрт сөндірушілер сусыз келді деген кері пікір білдірді. Алайда бейнежазбаны жақсылап қараса, өрттің өзі көрсетілмейді. Өрт сөндіру машинасы көрінбейді. Ешкім сөндірмей жатыр дейді. Ол шындыққа жатпайды. Оқиға орнына бірден қосымша күш шақырылды. Өртке 6 техника мен жеке құрамнан 24 адам жұмылдырылды. Жанған 15 үйдің екеуі ғана қазір пайдаланылатын үйлер. Қалғаны қараусыз қалған үйлер. Бұл аудан – су күші аз аудан. Машиналар суды жылу электрцентралынан барып алып отырды. Жалпы, өрт сөндіру техинкасында екі су ағызу тетігін қатар пайдаланса су 5-7 минутта бітеді, - деп мәлімдеді С. Асайынов.
Сонымен қатар, өткен түнде Ломов көшесі, 167 мекенжайы бойынша көпқабатты үйдегі бір бөлмелі пәтерде өрт шыққан. Құтқарушылар бесінші қабатқа арнайы сатымен көтерілді. Пәтерден 1964 жылғы әйел адамның денесі табылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы