Павлодар облысында орман шаруашылықтары 700 мың қарағай көшетін егеді

Павлодар орман қорғау мекемесі Чернорецк орманшылығы мемлекеттік қорының аумағында күзгі орман дақылдарын егуге кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметіне сәйкес.

Басқарманың мәліметінше, жоспар бойынша ауданы 58 гектарға 400 мыңнан астам қарағай көшеті  егіледі. Бұдан басқа, 2021 жылғы тамыр жаймаған екпелердің орнында 12 гектар алқапта орман дақылдары толықтырылады. 

Күзде орман шаруашылықтары 700 мың қарағай көшетін отырғызады.  Нәтижесінде биылғы жоспарды 100% игеру жоспарлануда. Біздің аймақ индустриалды дамыған, сондықтан орман алқаптарын арттыру экологиялық жағдайды жақсарту, халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және биологиялық әртүрлілікті сақтаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, - дейді басқарма мамандары. 

Биылғы жылы 350 гектар жерге 2 миллионнан астам көшет егу жоспарланды. Көктемде шамамен 1,4 миллион көшет егіледі.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында облыста 2025 жылға дейін орман көлемін ұлғайтудың  кешенді жоспары бекітілген. 5 жыл ішінде орман алқабын 5,3 мың гектарға немесе 6%-ға ұлғайту жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы