Павлодар облысында оқушылардың қанша пайызы қазақ тілінде білім алады?

Павлодар облысында оқушы орны тапшылығы жоқ, тек екі мектепте ғана мәселе тіркелген. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда өңірдегі оқушылардың 65 пайызы мемлекеттік тілде білім алады. Ал балабақшаларда қазақ тілінде тәрбиеленіп жатқан балалардың үлесі 50 пайызға жуықтаған.

Өңірде оқушы орындарының жетіспеушілігі жоқ. Тапшылық тек Павлодар қаласындағы екі мектепте ғана байқалады. Осыған байланысты келесі жылы аталған мектептердің маңайында жаңа білім беру нысандарының құрылысын бастаймыз, – деді облыс әкімі.

Еске салайық, бұған дейін Асайын Байханов өңірдегі еңбек нарығы мен экологиялық мәселелерге қатысты пікір білдірген болатын.

Әкімнің сөзінше, Павлодар облысындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз. Бұл – республика бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы