Павлодар облысында өгей қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
Павлодар облысының СМУС-ында 2025 жылғы 14 тамызда Е. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі ("Зорлау, яғни күш қолданамын деп қорқытып, жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалану арқылы, бірнеше рет, кәмелетке толмағанға қатысты жасалған, оның ішінде жақын туысқан болып табылатын адам тарапынан") бойынша айыпталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Заң талаптарына сәйкес, істің мән-жайлары жария етілмейді, сондықтан іс жабық сот отырысында қаралды.
Сотта кәмелетке толмаған жәбірленушінің алдын ала берілген айғақтары, куәгерлердің жауаптары, сот-медициналық сараптама қорытындылары және өзге де зерттелген дәлелдер айыпталушының кінәсін толық дәлелдеді.
Айыпталушы жасаған қылмыстар аса ауыр санатқа жатады және бұл бап бойынша жаза тек – бас бостандығынан айыру, ал ҚК 120-бабының 4-бөлігі бойынша – тек қана өмір бойына бас бостандығынан айыру болып табылады.
Сот істің мән-жайын және айыпталушының жеке басын ескере отырып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің ерекше қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы